Синоптиктердің болжамы бойынша, 2025 жылы 11 тамызда, дүйсенбіде Қазақстандағы ауа райын антициклон анықтайтын болады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде аптап ыстық күтіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 11 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 11 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаев қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетiсу облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 11 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 11 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 11 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 11 тамызда түнде және таңертен тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 12-13 тамызда күндіз Жетiсу облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Жоғарғы өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз