35 жастағы балуан Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-при турнирінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалда Жадыраев венгриялық Роберт Фричті айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді. Ал үшінші орынға ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев тұрақтады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Демеу Жадыраев Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, күміс жүлде жеңіп алған еді. Финалдық бәсекеде ол жапониялық Нао Кусакадан жеңілген болатын.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев ұзақ үзілістен соң кілемге қайта оралатыны шілдеде белгілі болды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Төкенов мәлімдеген еді.