ҚР Қорғаныс министрлігі SARBAZ + пилоттық жобасын іске қоспақ. Бұл бағдарламаның міндеті — мерзімді әскери қызметті өткеру жағдайларын жақсарту. Сарбаздар бұл жүйе туралы не ойлайды, ал командирлер неден үмітті? Мұны Zakon.kz сайтындағы материалдан біліп-таныса отырыңыздар .

Кейбір әскери мамандар қолға алынғалы жатқан SARBAZ + жобасын Қазақстан армиясының мерзімді қызметті өткерудің жаңа форматына көшудегі алғашқы қадам деп атайды. Жүйе әскерге шақырылушыға қажетті азаматтық мамандық алуға, тіпті шет тілдерін үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл ретте өте қолайлы жағдайда пайдалы білім мен дағдыларды игеруге болады. Жоба осы күзде іске қосылады.

Ең бірінші болып жаңашылдықты Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің №78460 әскери бөлімінің сарбаздары сынап көреді. Қазір ҚР армиясының аталған бөлімшесінің аумағында құрылыс және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Спорт нысандары жаңартылып, тренажерлер орнатылып, спорт түрлеріне арналған ойын алаңдары құрылуда.

78460 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қазақстан армиясының құрамалары арасында байланыс саласына жауапты. Қызмет барысында алынған дағдылар сарбаздарды телекоммуникация және IT саласындағы жап-жақсы мамандарға айналдырады.

SARBAZ+ жобасының қатысушылары осы саладағы мамандықтарды терең зерделеп, аттестаттаудан өтіп, жұмысқа орналасуға сеп болатын сертификаттар ала алады. Әзірге, бөлім аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиобайланысты пайдалану жөніндегі мамандарды оқыту жоспарлануда.

"Жас өзінің білімі мен белгілі бір кәсіби тәжірибесін растайтын сертификаттар алады. Осы құжатпен оған жұмысқа орналасу оңайырақ болады. Жұмыс беруші оның мамандық бойынша дайындықтан өткенін, яғни басқа кандидаттардан артықшылығы бар екенін білетін болады", — дейді 78460 әскери бөлімінің командирі полковник Александр Тимофеев.

Әскери қызметшілердің психологиялық хәл-күйін қолдау үшін эмоцияны шығару бөлмесі ашылады.

"Әскерден тыс кезде заманауи жас жігіт лоундж аймақтарға, спорт залдарға барады, компьютерлік клубтарда уақытын өткізеді. Бұл орындарда ол демалып, жиналып қалған стресін шығарады. SARBAZ + жобасында осындай орындарды құру қарастырылған. Яғни, жұмыс күнінен кейін, бос уақытында жауынгер арнайы орында компьютер ойынын ойнай алады немесе спортпен шұғылдана алады", – дейді полковник Тимофеев.

SARBAZ + жүйесінің тағы бір жаңа қыры әскерге шақыру кезеңін қамтиды. Егер жоба салада тамырың кеңге жая алса, онда болашақ Отан қорғаушы өзі қызмет еткісі келетін бөлімді өзі таңдауға мүмкіндік алады. Ол үшін жобаның ресми сайты әзірленуде. Онда қызметке түсу тәртібі, қызметке орналасу шарттары және іріктеу кезеңдері туралы ақпарат орналастырылады.

Әскерге шақырылушылар онлайн тіркеуден өтуі керек, содан кейін олардың сауалнамаларды комиссия қарайды. Егер үміткер барлық критерийлер бойынша қызмет етуге жарамды болса, онда ол қызмет еткісі келетін әскер түрі мен бөлімшеге жіберіледі. Әзірге, мұндай өтінімді Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөліміндегілер ғана бере алады.

"Қазіргі жастар жайлы аймағынан шығудан қорқады. Жігіттер қай әскери бөлімге тап келетінін, ол жердің ыңғайлы-ыңғайсызығын білмейді. Оларды осы білместік қорқытады. Жоба арқылы олардың осы барлық күмәндері мен қорқыныштары жойылады. Сонымен қатар, болашақта ол өзі қызмет еткісі келетін орын мен әскери бөлімшені таңдай алады. Әскерге шақырылушы әскери бөлімнің сайтына кіріп, ондағы қызмет ету шарттарынан, күн тәртібінен қанығып, өзінің болашақ командирлерімен де онлайн таныса алады", — дейді бөлім командирі.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің өздері армия өмірінің жаңа форматына оң көзқараспен қарайды және жобаның іске қосылуын асыға күтуде. Көптеген сарбаздар бағдарлама арқылы әскери бөлімнен тыс өмірлерін жайғауға көмектесетін мамандық, білім және дағдыларды алудан үміттенеді.

"Мен SARBAZ + жобасы аясында қызмет ете алатыныма қуаныштымын. Командирлер бұл жүйенің артықшылықтары туралы жиі айтып отырады. Өз басым, мені кәсіби курстардан өтіп, сертификат ала алатыным, соның арқасында жақсы жұмысқа орналаса алатыным қызықтырады", — дейді қатардағы сарбаз Ислам Сатуев.

Басқаларына SARBAZ + сарбаздардың күнделікті өмірінің барлық ауыртпалықтарын көтеруге және жақындарынан алшақтауға және әдеттегі жайлылық аймағынан шығуға байланысты эмоционалды стресстерді жеңуге көмектеседі.

"Біз мұнда бәріміз үйдегі өмірімізді қатты сағынамыз. Жасыратын несі бар, кейде қатты құлазисың. SARBAZ+ қызметке бейімделуді жеңілдетіп қана қоймай, ауыр ойлардан да арылтады. Мысалы, мен әскерге шақырылғанға дейін компьютерлік ойындарды жақсы көретінмін. Командирлеріміз әскери қызметшілердің бос уақытын ойын залында өткізуге мүмкіндігі бар екенін айтқанында мен қатты қуандым. Мен үшін бұл керемет жаңалық болды. Менің басқа әріптестерім лоундж аймағының және заманауи жаттығу залының ашылуын асыға күтіп жүр", — деді қатардағы жауынгер Бекзат Бибатыров.

Айта кетсек, SARBAZ + бағдарламасы тек мерзімді қызметтегі сарбаздарды ғана қамтымайды. Сонымен қатар бөлімнің офицерлері мен сержанттары желілік технологиялар саласындағы CCNA Cisco халықаралық бағдарламасымен қоса алғанда, біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Сондай-ақ, командирлер заманауи және стресске төзімді әскери маманды қалыптастыруға бағытталған тұлғалық даму тренингтерінен өтетін болады.