Әнші Мексика астанасында екі жеке концерт өткізетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, 8 қазандағы алғашқы шоу билеттері жылдам өтіп кеткендіктен, жанкүйерлердің сұрауы бойынша екінші "Stranger" концерті ұйымдастырылмақ.
Ол 10 қазанда Мехикодағы Palacio de los Deportes сарайында өтеді.
Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз күні сағат 11:00-де Banamex жүйесінде басталады. Жалпы сатылым 15 тамызда, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де ашылады.