Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
"Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін. Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады", — деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайтынын айтқан еді.