Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім қолдан жасалған тапаншадан өзіне оқ атып, көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Ұлын әкесі тауып алған. Полиция бұл оқтың абайсызда тигені, әлде әдейі атылғаны, жасөспірімнің қаруды қалай жасағаны және өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.

"Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін Петропавлда қоқыс полигонынан басынан жарақат алған 23 жастағы ер адам табылғанын хабарланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget