Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен (63-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Әлімханұлы әлеуметтік желідегі Х парақшасында Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) "келесі жекпе-жекте Жәнібекті кіммен көргіңіз келеді?" деген жазбасына жауап берді.

"Мен "Канеломен" жұдырықтасқым келеді!", — деп жазды Жәнібек.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал Сауль Альварес суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Қыркүйек айында "Канело" америкалық боксшы Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) супержекпе-жек өткізеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз