Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматыда көлік қозғалысы мына көшелерде уақытша шектеледі:
- Абай даңғылы бойымен—Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
- Достық даңғылы бойымен—Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.
"Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша қозғалыс өзгерістерін ескеріп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірнеше көше жабылады