Станция Нововоронеж АЭС-інің үлгісі бойынша салынады.

Алматы облысында Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша жұмыстың басталуына арналған салтанатты рәсім қарсаңында журналистерге осындай станцияның макеті көрсетілді.

8 тамызда БАҚ өкілдері елдегі алғашқы атом электр станциясы салынатын Үлкен ауылына жиналды. Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, бұл станция Нововоронеж АЭС-інің үлгісі бойынша салынады.

Жамбыл ауданында АЭС салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның жетекшісі ретінде "Росатом" анықталған болатын.

Ресей Алматы облысы Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу жобасына Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру ұсынатын болды.

Құрылыс барысына ауа райы мен сейсмикалық жағдайлар әсер етуі мүмкін, ал жоба құнына қосымша жабдықтардың қажет болуы, құрылыс техникасы мен материалдарын жергілікті жерде өндіру деңгейі, сондай-ақ қажетті мамандардың болуы сынды факторлар әсер етуі ықтимал.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы АЭС жобасына қатысты мәлімдеме жасады