Қонаев қаласы қысқы жылу беру маусымына дайын.
«Жылу орталығы» мекемесінің басшылығы осылай деп мәлімдемеді. Дегенмен коммуналдық кәсіпорында жөндеуден өтіп жатқан жылу қазандықтары бар. «Бірақ кестеден кешігу жоқ. Сондықтан қала тұрғындары қыстан қысылмай шығады», – дейді жауапты мекеме қызметкерлері. Қонаев «Жылу орталығында» 10 қазандық бар. Соның төртеуі су жылытқыш, алтауы бу қазандығы. Қалада орталық жылу жүйесіне қосылған 32 мыңнан астам абонент болса, 29 мыңы көпқабатты үйлер мен ғимараттарға, қалғаны жеке секторға тиесілі. Дегенмен, Алматы облысының орталығындағы ұзындығы 58 шақырым жылу құбырының 42 пайызы ауыстыруды қажет етеді.
Ержан Шоқан, "Жылу орталығы" мекемесінің директоры:
- Бізде 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде төрт қазандыққа күрделі жұмыс өткізіледі және ағымдағы жұмысқа үшеуі өткізіледі. Жылу жүйелерінің екі шақырымы жаңартылады. Толық өткіземіз жөндеу жұмыстарының бәрін. Қазір 63 пайыз орындадық. Жылыту маусымына дейін толық ремонттың бәрін өткізсек, жақсы өткіземіз жылу маусымын.