Атырау облысы Құрманғазы ауданында 2 жасар сәби кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, қайта шыға алмай қалған. Оқиға Құрманғазы ауылында тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Атырау облысы Құрманғазы ауылында 2 жасар сәби ойнап жүріп кір жууғыш машинаға қыстырылып қалған. Баланы өздігінен шығара алмаған анаға құтқарушылар дереу көмекке келіп, сәбиді жұбатып, жабдықтан сәтті шығарып алды. Балақай зардап шеккен жоқ", — делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство өкілдері ата-аналарға үндеу жасап, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз