Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген тексерулер нәтижесінде Жетісу облысының Қаратал ауданында жүздеген азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысының Қаратал аудандық прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде соңғы екі жылда 90-нан астам жұмысшының жыл сайынғы скринингтік медициналық тексеруден өтпегені анықталған. Жұмыс берушілер қызметкерлеріне заңда көзделген әлеуметтік демалысты бермеген.

– Сондай-ақ 70 қызметкердің еңбек қызметі кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты болмаған. Бұл – жұмыс берушінің заңмен бекітілген міндеттемесін бұзуы болып табылады, – делінген ақпаратта.

Аудандық прокуратураның қадағалау актісі негізінде азаматтардың еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, үш жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы – қадағалау органдарының басты назарындағы мәселе болып отыр.