Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері тағы өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, ұлттық жоба аясында субсидиялау тетігі енгізілген. Яғни, тарифтің бір бөлігі тұтынушы есебінен, қалғаны бюджет қаржысы арқылы жабылады. Соның нәтижесінде бағаның күрт көтерілуіне жол берілмейді. Дегенмен, тарифтің өсімі бәрібір де болады.
«Жалпы есеппен алғанда, келесі жылы коммуналдық қызметтер 20-30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін», – деді Қосымбаев.
Сарапшылардың айтуынша, бұл — инфрақұрылымды жаңарту мен қызмет сапасын арттыру үшін қолға алынған шара. Алайда қарапайым халық үшін бұл – тағы бір ауыртпалық.