Елімізде мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Грант иегерлерінің тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60 пайызы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20 пайызы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.

Сондай-ақ Білім туралы Заңға сәйкес, квоталық категориялар ескерілді. Мысалы:

  • жетім балалар немесе мүгедектігі бар балалар;
  • көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балалар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылды.

Айта кетейік, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия құрамында парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар".

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз