Бірыңғай зейнетақы қорынан жинақтарын пайдаланатындар күрт көбейген .

Бұл былтырғы жылдың дәл осы айдағы көрсеткішінен шамамен екі есе көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәселен, былтыр шілдеде 73 мың адам жинақтағы ақшасын баспана алуға жұмсаса, биыл қордан осы мақсатта қаржы сұратқандардың саны 110 мыңнан асты.

Қорға емделу үшін өтінім жазатындар да көбейген.

Биыл 66 мың адам ақшасын денсаулығын жақсартуға жұмсаған. Бұл былтырғыдан 67 пайызға артық.