2025 жылғы 7 тамызда өткен Үкіметтегі баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Bek Air әуеапатына қатысты тергеудің қайта басталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер вице-премьерден тергеудің қайта басталу себебін, қандай жайттар анықталатынын және қаза тапқан ұшқыштардың туыстарына жәбірленушілерге өтемақы төлеу міндетін жүктеу қаншалықты әділетті екенін сұрады.

"Әділетті ме, жоқ па – бұл сұраққа сот жауап беруі тиіс. Мүмкін, ұшқыштардың кінәсі болмауы да ықтимал. Бұл тергеу нақты шешім шығарып, нүкте қоюы керек. Көптеген адамның өмірі қыршын кетті. Bek Air-дің артында кім тұрса да, қаншалықты ықпалды болса да, менің жеке пікірім – әділеттілік орнауы тиіс. Адамдар өз туыстарының қазасы үшін өтемақы алуы керек", – деді Бозумбаев.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда таңертең Алматы маңында Bek Air компаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алматы – Астана бағыты бойынша ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген бойда биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, жерге құлаған болатын. 12 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.