Жетісу облысы Ескелді ауданының Зерносовхоз ауылында жайылымда жүрген екі малшының бірін найзағай ұрып, қайғылы оқиға орын алды. Ер адам сол жерде көз жұмды. Оның жанындағы екі жылқысы мен иті де оқиға орнында мерт болған, деп хахабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға күн күркіреп, жаңбыр жауған кезде болған. Екі жылқышы мал айдап келе жатқан. Кенеттен найзағай ашық далаға түсіп, бір жылқышыны, жануарларымен бірге, бір сәтте жалмап кеткен.

— Бәрі бір сәтте болды. Қасындағы серігі сәл әріректе жүргендіктен аман қалды. Бірақ қатты күйзеліп жүр. Әлі ес жия алмай жүр, — дейді ауыл тұрғындары.

Қайтыс болған азаматты ауылдастары еңбекқор, сабырлы әрі жаны таза адам ретінде сипаттайды. Қазір бүкіл ауыл қара жамылып отыр.

— Біз күнде даладамыз, кең жайылымда жүреміз. Ешкім мұндай болады деп ойламады. Жай ғана жұмысқа шыққан еді, итін, жылқыларын алып… Сөйтіп көз жұмды, — деп күрсінді ауыл ақсақалы.

Аудандық әкімдік марқұмның отбасына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, найзағай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_media)