Бұл туралы шараны ұйымдастырушы First Media Group хабарлады.
Отандық шоу-бизнестегі ең жас әртістердің бірі Sadraddin әлемдік поп-музыканың жұлдызы Дженнифер Лопестің концерті алдында өнер көрсетпек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетін ауқымды шоуда Sadraddin pre-show форматында сахнаға шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Ұйымдастырушылар концертке ертерек келуді ескертті. Орталық стадионның есіктері сағат 15:00 ден бастап ашылады.
Бұған дейін Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде қазақстандық танымал "Формат" тобының солисі Қайрат Баекенов өнер көрсеткен еді. Қайрат Баекеновтің айтуынша, мұндай ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскен.