Алматыдағы Ботаникалық бақта ер адамның аққуларға қатыгездік танытқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам құстарға дөрекі әрекет көрсетіп, су айдынының тыныштығын бұзып, аққуларды мойнынан ұстап, оларды жібермей, күшпен ұстап қалмақ болған. Бұл жағдайды баққа келген демалушылар көріп, қатты шошыған. Олар тәртіп бұзушыларға ескерту жасаған.

Куәгерлердің бірі бұл сәтті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген.

"Жер бетіндегі ең қауіпті тіршілік иесі – бұл жүрексіз адам", – деп жазды ол.

Ботаникалық бақ әкімшілігі бұл жағдайдан хабардар екенін растады және тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді:

"Аталған жағдайға қатысты барлық ақпараттар мен дәлелдерді жинадық. Күдіктінің сырт келбеті анықталды. Қазір біз құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз", – деді әкімшілік өкілдері.

Сонымен қатар, бақ қызметкерлері бақ аумағындағы тәртіпті бақылауды күшейткенін айтып, келушілерге Ботаникалық бақтағы барлық жануарлардың қорғалғанын және оларға рұқсатсыз жақындауға болмайтынын еске салды.

@nurqilym #fyppppppppppppppppppppppp #recommendations #rec #ботаническийсад #алматыказахстан ♬ Creepy and simple horror background music(1070744) — howlingindicator