Кадрда белгісіз азаматтың аққудың мойнынан тартып, әрекет жасағаны анық көрінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматыдағы Ботаникалық бақта ер адамның аққуға қатыгездік танытқаны жайлы видео әлеуметтік желіде таралып, қоғамның қызу талқысына түсті.
Аталған оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
– Алматы қаласының Ботаникалық бағында құсқа қатыгездік жасау фактісі бойынша тексеру басталды. Оның іс-әрекетіне құқықтық бағалау беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, – делінген полиция мәлімдемесінде.