Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысында жол апатына түсті. Өңірдің Полиция департаменті өкілі осы іс бойынша жаңа деректі айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған болатын. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

"Жол апаты бойынша тергеу аясында болған оқиғаны анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Көрсетілген азаматтан қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Ол Алматы қаласының ауруханасында. Тергеу нәтижелері бойынша оған қатысты қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешім қабылданады, — деді ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына түскені, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқаны хабарланды.

Кейін Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығарылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!