Ал зейнеткерлер мен егде жастағыларға 54 709 теңгеге күн көре алатынын көрсеткен .

Қазақстандықтардың бір ай өмір сүруі үшін қажетті қаражаты есептелді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ұлттық бюро статисткасының мәліметінше, еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі азаматтардың жас мөлшері мен жынысына қарай ерекшеленеді.

Мәселен: 18 жастан асқан азаматтар үшін айына 69 673 теңге, әйелдерге 55 322 теңге жеткілікті екен. Ал зейнеткерлер мен егде жастағыларға 54 709 теңгеге күн көре алатынын көрсеткен. 14 жасқа дейінгі балалар 46 532 теңге жаратса, 14-17 жастағы жасөспірімдерге 73 801 теңге қажет. Алайда бұл көрсеткіштің әр аймақта әртүрлі екенін де ескеру керек.

Айта кетейік, шамамен миллион қазақстандықтың табысы өмір сүру минимумынан аспайды. Тағы 16 мың адам 30 мың теңгеден аз айлық алады.