Америка президенті бұл жайында CNBC News арнасына берген сұхбатында айтып өткен.

Оның сөзінше, мұнай бағасы тағы 10 долларға түссе, Ресей Украинадағы Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамптың сөзі "Мәскеудің экономикасы осы кездің өзінде оңып тұрған жоқ" дегенге саяды.

– Егер мұнай бағасы барреліне тағы 10 долларға арзандаса, Путиннің басқа таңдауы қалмайды. Елдің экономикасы қазірдің өзінде қиын жағдайда, – дейді ол.

Сонымен қатар, Трамп Үндістанға Ресейден мұнай сатып алуына байланысты алдағы 24 сағат ішінде баж салығын арттырғысы келетінін жария етті.

– Біз 25% деңгейінде тоқтаған едік, бірақ менің ойымша, алдағы 24 сағат аралығында оларды (Үндістанға қатысты баж салығын айтады) айтарлықтай көтеремін, себебі олар ресейлік мұнай сатып алып жатыр, – деп қоса кетті АҚШ президенті.

Еске салайық, әлемдік мұнай бағасы төмендеуін тоқтатар емес. 5 тамыздағы жағдайды ескерсек, Лондондағы ICE биржасында қазан айына арналған Brent маркалы мұнай бағасы 1,24%-ға арзандап, барреліне 67,87 долларды құраған. Ал қыркүйек айына арналған WTI маркалы мұнай құны 1,4%-ға төмендеп, барреліне 65,36 долларға тоқтады.