Алматыда теннистен Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық жас теннисшілер Родион Трайгель, Аңсар Ниетқалиев, Мансұр Саинов, Еркежан Жанатаева, Каролина Лигай, Алисса Королева, Гаухар Ақтан және Адия Омарбек топтық кезеңде екі кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.
6 тамызда топтық кезеңнің соңғы матчтары өтеді. Осы ойындардың нәтижесі бойынша ширек финалға жолдама алған барлық спортшылар анықталады.