Ақмола облысында Щучье көлі жағалауында игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды. Шипажай аумағындағы 3 гектар 10 жылдан астам пайдаланылмай келді. Жер иесіне 2023 жылы учаскені игеру туралы нұсқама берілген. Бірақ бүгінге дейін ешқандай шара қабылданбады.
Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 55 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне өтіп, фермерлер мен ауыл тұрғындарына үлестірілді.
Меруерт Байболова, облыс прокурорының көмекшісі:
- Тексеру нәтижелері бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.