Қазақ қоғамында айрықша танымалдыққа ие, тарихи тұлғамен қоштасу рәсімі Офицерлер үйінде ұйымдастырылған.

Талғат Мұсабаевты соңғы сапарға шығарып салу жиынында қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов те төбе көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасуға оның туған-туыстары, жақын-жуықтары, достары, мемлекет және қоғам қайраткерлері және Алматы жұртшылығы қатысты.

Аты аңызға айналған ғарышкермен қоштасу рәсімінен соң 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаназа оқылмақ.

Айта кетейік, 3 тамыз күні 75 жасында ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев бақиға бет түзеген еді.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отандық ғылым, техника және мемлекеттік басқару саласындағы үлесіне тоқталып өткен болатын.