6 тамыз күні Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының күрт нашарлауы болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел тұрып, кей жерлерде дауыл көтеріледі.

Ал оңтүстік пен батыс облыстарында күн қатты ысиды — сынап бағанасы 38-40 градусқа дейін көтерілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 06 тамызда түнде найзағай күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел с

олтүстік-батысқа ауысады 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 06 тамызда түнде қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батыстан ауысады 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 06 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 06 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: Атырау қ.: 06 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 06 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 06 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 06 тамызда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Астанада найзағай күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 06 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 06 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 06 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.