ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, 5 тамыз күні Астана уақытымен сағат 18:44:11-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жерасты дүмпуі 41.310 с.е., 72.690 ш.б. координатасында, яғни Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,1, магнитудасы MPV 5,9.
Есептік қарқындылық 2 балл болып, ол Жамбыл облысының Мерке, Құлан, Тараз, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Қордай, Шу, Қаратау, Төле би елдімекендерінде, сондай-ақ Түркістан облысының Тұрар Рысқұлов, Ленгер, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай, Темірлан ауылдарында және Шымкент қаласында сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.