Ресей эстрадасының королі атанған Филипп Киркоров Мәскеудегі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Mash порталының мәліметінше, Санкт-Петербургтегі концерті кезінде алған күйік салдарынан асқыну басталып, өнер иесі жедел хирургия бөліміне жеткізілген. Жеке клиникада ем қабылдап жатқан Киркоровтың жағдайына дәрігерлер ерекше назар аударып отыр.
Танымал пластикалық хирург Тимур Хайдаровтың айтуынша, жараның жазылу процесі ұзаққа созылып кеткен. Әсіресе қант диабетінің әсерінен бір қолындағы күйіктен асқыну пайда болған.
Филипп Киркоров ауруханада екі аптадан бері емделіп жатыр. Ақ халаттылар оның денсаулығын қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндікті жасап бағуда.