Екібастұзда кен орнында биіктен құлаған жұмысшы жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2 тамыз күні "Богатырь Көмір" ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлады.
"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады", — деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.
Жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.