ЕЭК кеңесі фармацевтикалық тексерулердің жаңа ережесін бекітті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі тиісті зертханалық тәжірибе талаптарына сәйкестігін тексеретін фармацевтикалық инспекциялар ережесін бекітті.

«Бұл ереже түпнұсқалық дәрілік заттардың клиникаға дейінгі қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізетін орталықтарды бағалау бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тәжірибесіне негізделген және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсынған халықаралық тәсілдерді ескереді», — деп жазылған хабарламада.

Ереже ЕАЭО-ның әртүрлі елдерінде түпнұсқалық дәрілік заттарды тіркеу кезінде қайталама тексерулердің алдын алатын тексеру жүргізудің жалпы рәсімдерін сипаттайды. Олар сондай-ақ анықталған сәйкессіздіктерге байланысты тәуекелдерді бағалау тәсілдерін қамтиды.

Бұл еуразиялық «бестік» елдерінің нарығына тек қауіпсіз дәрі-дәрмектердің шығуын қамтамасыз етеді және қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған дәрілерді тіркеуге жол бермейді.