Танымал әнші Қайрат Нұртас желідегі парақшасында өзінің билеп жүрген видеосын жариялады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жазбасы жанкүйерлері арасында кеңінен тарап төрт мыңнан аса пікір жинап үлгерген. Олардың ішінде 36 жастағы ұлын еркелеткен Гүлзира Айдарбекова да бар.

"Құлыным сол, жүрек өзі. Алла 100 жас өмір, екі дүниенің бақытын жазсын!", — деп жазды продюсер.

Айдарбекованың бұл пікірі 2650 лүпіл жинаған. Алайда 40 жасқа таяған ұлын еркелеткен ананы сынап жатқандар да жоқ емес.

"Қайратты жайына қалдыратын уақыт келді. Оны әйеліне сеніп тапсырыңыз", "Қайратты ешкімге бермеймін деші", "Мамасының балапашкасы", "Осы махаббатыңызды немелеріңізге көрсетіңізші. 30-дан асып 40-қа таяған балаңызды аңди бермей", "Құлын — қырықта. Құлынның 5-құлыны өмірге келеді", деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)