Бұл жайында бүгінгі Үкімет отырысында айтылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында қазақстандық компанияларды халықаралық сауда алаңдарына шығу кезінде қолдауға бағытталған "Экспорттаушыларды жеделдету" кейсінің реинжинирингі жайында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол бұрын бұл процесте құжаттар қолмен өңделіп, нақты талаптар мен мерзімдері көрсетілмегенін, осылайша өтінімдердің күйін қадағалау мүмкін болмағанын атап өтті. Бұл экспорттық белсенділікті бәсеңдетіп, бизнестің сенімін төмендетіп келген еді.

"Реинжиниринг нәтижесінде жасанды интеллект қолдана отырып хабарламаларды интеграцияланған жүйеге біріктіретін және құжаттарды автоматты түрде тексеретін орталықтандырылған цифрлық платформа іске қосылады. Бұл өтінімдерді өңдеудің тиімділігін 60%-ға арттырады", – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун.