Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен 7 есе жоғары болып тұр.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты.

Бүгінде жүйелі шараларға қарамастан, алты өңірде ана өлімінің өсуі байқалады:

  • Ақмола облысы,
  • Жетісу облысы,
  • Жамбыл облысы,
  • Абай облысы,
  • Ақтөбе облысы,
  • Қостанай облысы.

"Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен жеті есе жоғары болып тұр. Ана өлімінің басым себептері: ауыр экстрагенитальды аурулар — 55 % (10 жағдай) және акушерлік жағдайлар – 45 % (8 жағдай). Әрбір жағдай бойынша жан-жақты сараптама жүргізіледі", – деді Ақмарал Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұңғыш рет нәрестелерге арналған ана сүтінің банкі ашылды


Ал Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр. Нәресте өлімінің негізгі себептері:

  • перинаталдық кезеңдегі жағдай (47,7%);
  • туа біткен ақаулар (19,6%);
  • тыныс алу ағзаларының аурулары (7,6%).