Алматыда "Бағанашыл" балалар үйінен кетіп қалған 14 және 16 жастағы 2 қыз аман-есен табылды.
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелетке толмаған қыздар Алматы облысы аумағынан табылған.
"Қазіргі уақытта олар жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді", – делінген департамент хабарламасында.