Қостанай облысында "Мәдени қоғам" жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Жобаның ең маңызды жетістіктерінің бірі — өңірдегі 17 ауылдың алкогольден толық бас тартуы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысында түнгі уақытта немесе кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сату бойынша биыл жыл басынан бері 217 заң бұзушылық анықталған.

Облыстық ПД бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, 7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ға азайған. Алайда қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын, отбасылық жанжал шығарушылар мен ішімдік ішуге әуес адамдарды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Жыл басынан бері өңірде сот 2600 адамға алкоголь тұтынуға тыйым салу туралы шешім шығарған, оның ішінде үй жағдайында да.

Айта кетсек, аталған жоба алкогольге тәуелділікті азайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты мәдени ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Бұған дейін Абай облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны артқанын жазғанбыз.