Астанада 19 жастағы тұрғын анасы екеуі сауда орталығына таксимен бара жатқан кезде жүргізушінің оғаш әрекетіне тап болды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі жол бойы артқы айнаның көмегімен оған қайта-қайта қарап, ерсі қылық көрсеткен. Анасы қасында отырғанымен, бұл жағдайды байқамаған.
Қорыққан бойжеткен жүргізушінің әрекетін жасырын түрде видеоға түсіріп алған. Жол аяқталғаннан кейін ол полицияға арыз жазған.
Құқық қорғау органдары ер адамды ұстады. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.