Шараны ұйымдастырған Малик Хасенов енді Шакирамен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

1 тамызда Астанада өткен Дженнифер Лопестің сәтті концерті елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер қалдырды.

Хасенов қала әкімдігіне, қызмет көрсетуші мекемелерге және жанкүйерлерге алғыс білдіріп, мұндай концерттерге бару мәдениетінің қалыптаса бастағанын атап өтті.

– Әкімдікпен және барлық қызметпен бірлесе отырып, концертті жоғары деңгейде өткіздік. Қолдау білдірген барша көрерменге рахмет, – деді ол.

Ұйымдастырушының айтуынша, қазіргі уақытта Шакирамен келіссөздер жүріп жатыр. Күзге дейін нақты келісімге келу мүмкін.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары қуаныштарын жасырмай, пікірлерін жарыса жазды:

"Армандар орындалып жатыр!", "Шакира апай, күтеміз!", "Енді Риананы, Эминем мен Pink-ті де шақырыңыздаршы!" – деп жазды олар.