Синоптиктер болжамы белгілі болды .

4 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райының күрт өзгеруі күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.

Солтүстік және орталық өңірлерде (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстары) тұман, найзағай, екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып жатыр.

Шығыс аймақтарда (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) – күн күркіреп, бұршақ жауып, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Кей өңірлерде түнде тұман түсіп, күндіз шаңды дауыл болады. Өрт қаупі өте жоғары.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл жүруі мүмкін. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2 тамызда eGov.kz пен e-Otinish порталы уақытша жұмыс істемейді


Батыс өңірлерде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) күн қатты ысиды: +35…+40°C. Кей аймақтарда найзағай мен бұршақ күтіліп отыр. Шаңды дауыл мен екпінді жел байқалады. Өрт қаупі әсіресе жоғары.