Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады.

Петропавлда өрт сөндірушілер Ж.Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде болған өртті сөндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Барлық тұрғын түтінді ғимараттан уақтылы шығарылғанның арқасында зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

СҚО өрт сөндірушілері 97 адамды баспалдақпен эвакуациялап, жедел жұмыс жасады. Сонымен қатар, 29 адам, оның ішінде 6 бала автокөлік сатысымен құтқарылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.