Жол апаты 2025 жылдың 3 тамызында сағат 07.30-да "Алматы-Екатеринбург" тас жолының Қарағанды қаласынан 1 шақырым қашықтықта орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Балқаш қаласына бағыт алған мотоцикл жүргізушісі алдында тұрған Kia Sportage арнайы автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)
Бұған дейін Павлодар облысы Аққулы ауылы маңында Toyota Corolla көлігі тас жолдан ұшып кетіп, аударылғаны хабарланған. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.