17 жастағы қазақстандық теннисші Дәмир Жалғасбай өз мансабында маңызды жетістікке қол жеткізді — ол ITF кәсіби ерлер турындағы алғашқы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Латвиялық Артурс Загарспен жұптасып өнер көрсеткен Дәмир Испанияда өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалда Жалғасбай/Загарс дуэті швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франконы сенімді түрде ұтты — 6:2, 6:1.
Бұл жеңіс — жас теннисшінің ересектер арасындағы кәсіби деңгейдегі алғашқы табысы.