2 тамызда Алматыдағы бірнеше көше уақытша жабылады. Бұған себеп — жолдың орташа жөндеу жұмыстары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram-дағы AlmatyJoly арнасының мәліметінше:

  • Пушкин көшесінде, Райымбек батыр мен Макатаев аралығында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл жылу желілерін қайта жаңғырту жобасымен байланысты.
  • Марков пен Бұқар жырау қиылысында қозғалыс 4 тамызға дейін шектеледі.
  • Айманов көшесінде, Қарасай батыр мен Бөгенбай батыр көшелерінің арасында да көлік қозғалысы тоқтатылады.
  • Радостовец көшесінде, Солодовниковтан Жандосовқа дейінгі бөлікте 4 тамызға дейін қозғалыс екі бағытта да шектеледі. Бұл жерде жылу трассасы ауыстырылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайы жолаушыларға жол жөндеу жұмыстарына байланысты жоспарларын алдын ала реттеуді ескерткен еді.