Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік қызмет көрсететін сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық тексеріс жүргізеді.
"Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, яғни қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
- eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобайл қолданбасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
- Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервисі;
- "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
- Электрондық үкімет арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Оқи отырыңыз: Egov қосымшасында "Заң мен Тәртіп" жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
"Осы орайда қажет операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыс кезінде қажет болған жағдайда құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет", – делінген хабарламада.