Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аясында 1979 жылы пайдалануға берілген жылу магистралінің құбырлары жаңасына ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылы 2 тамыз сағат 06:00-ден бастап 4 тамыз сағат 06:00-ге дейін Айманов көшесінің Қарасай батыр және Бөгенбай батыр көшелері арасындағы бөлігі екі бағытта да автокөлік қозғалысына уақытша жабылады.

Мұндай шектеулер жол бөлігіндегі құбыр желісін қайта жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында енгізіліп отыр. Реконструкция кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланған. Бұл ескі желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жол қозғалысына қатысты барлық шектеу мен өзгеріс туралы мәліметтер Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС