ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті Хромтау ауданындағы "Магаджан" су бөгетінің қирауына әкелген немқұрайлылық фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды. Аталған әкімдік қызметкері гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шараларды қабылдамаған.
Салдарынан Алға ауданының елді мекендері мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіздік жерге жеткізілді.
Келтірілген шығын 211 млн теңгеден асты.
Сот кінәлі тұлғаға 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.