Португалияның Арока ауданындағы бірнеше күнге созылған алапат өрт әупірімдеп сөндірілді .

Аймақта 6 мың гектар орман алқабы жанып кетті. Жалпы ел бойынша үш өңірді өрт шалып, 14 мың гектар күлге айналды. Қауіптің бетін қайтару үшін 3 мыңнан астам бригада жұмылдырылған. Мыңға жуық өрт сөндіру көлігі мен ондаған әуе техникасы тартылды. Соның өзінде маман күші жетіспейді. Сарапшылардың айтуынша, Португалияда осы маусымда табиғат апаты жиі болады. Былтыр орман өртінен 5 адам опат болып, ондаған адам зардап шеккен еді.