2029 жылға дейін қатты қалдықтарды қайта өңдеу және басқаруды 40%-ға жеткізу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгінгі күні 345 млрд теңгеге 67 жобаны жүзеге асыруға әзірлеп жатыр.
Бұл туралы Үкімет үйінде Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өтіп жатқан ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы кезінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Журналисттердің бірі биыл қыркүйек айына дейін министрлік қатты қалдықтарды және жалпы қалдықтарды қайта өңдеуді басқару бойынша стратегияны әзірлеуге ниетті екендігін, соның ішіде текстильді қайта өңдеу бойынша сұраған болатын.
Бүгінгі күнге тұжырымдама әзірлену үстінде. Жұмыс қызу жүріп жатыр. Біз тамыз айының аяғына дейін оны қоғам өкілдерімен талқылаймыз деп отырмыз. 2029 жылға дейін қатты қалдықтарды қайта өңдеу және басқаруды 40%-ға жеткізу мақсатыда біз бүгінгі күні 345 млрд теңгеге 67 жобаны жүзеге асыруға әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде бүгінгі таңда 52 млрд теңгеге 14 жоба қаржыландырылды. Жалпы 67 жобаның 41-і тек қана өңдеу саласына арналған. Олар негізінен қағаз, пластик, әйнек және тағы басқалар. Қалдықтардың ішінде ең көп шығатыны осы үшеуінің қалдықтары. Сол себептен жылдың аяғына дейін біз жаңағы айтқан 67 жобаны толығымен бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде бүгінгі 25,8% ғана өңдейтін көрсеткішімізді 2029 жылға қарай 40%-ға жеткізетінімізге сеніміміз мол", — деді ол.
Министр текстиль бойынша бүгінде Экологиялық кодекстің 388-бабына сәйкес ондай жобаларды қолдауды қарастырып жатпағанын мәлімдеді. Себебі, оның көлемі аз. Бірақ, біздің нарықта бүгінде ондай компаниялар бар.
Алматының өзінде жылына 100 тонна текстиль қалдығын өңдейтін үлкен өндіріс ашылған. Алдағы уақытта бұл мәселе қарастырылатын болады, өйткені халықтың тұтыну көлемі артқан сайын, бұл мәселе де өзекті бола түседі.