Алматыда тағы бір көше ішінара жабылады. Мұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі , деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтырақ айтқанда, Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
"31 шілде күні сағат 22:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қастеев көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады", делінген AlmatyJoly Telegram арнасының хабарламасында.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алу сұралады.
Бұған дейін Алматыда Марков көшесі үш күнге жабылатынын жазғанбыз.