Аустралиялық ғарыш саласы мамандары бұл сәтсіз сынақты тарихи бетбұрыс деп бағалады.
Квинсленд штатындағы Боуэн ғарыш орталығынан ұшырылған алғашқы байырғы орбиталық Eris зымыраны көтерілгеннен кейін небәрі 14 секундтан кейін құлап түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Gilomur Space компаниясы әзірлеген ұзындығы 23 метр, салмағы 30 тонналық зымыран ұшырылымнан кейін қысқа уақытқа ауада қалды, содан кейін жерге құлады.
Бұл 18 ай күттірген жаңа жоба. Соңғы уақытқа дейін кейінге қалдырылған зымыранның алғашқы ұшуы компания тарапынан үлкен қадам ретінде бағаланып отыр.
– Бұл бізді орбиталық ғарыш аппараттарын тұрақты түрде ұшыратын алты елдің қатарына қосылуға итермелейді. Ең бастысы, біздің командамыз сау және келесі ұшуға дайын, – делінген Gilomur Space компаниясы таратқан мәлімдемеде.
Компанияның бас директоры Адам Гилмор әлеуметтік желіде оқиғаға түсініктеме берді.
– Зымыран ұшыру алаңынан көтеріле алды – мен бұған қуаныштымын. Әрине, мен оның әрі қарай ұшқанын қалар едім, бірақ нәтижеге көңілім толады, – деп мәлімдеді.